"Дұрыс" бала
"Дұрыс" бала

Бала тәрбиесі... Осы біз тәрбие деп нені ұғынып жүрміз? Біздегі құндылық қандай? Осы ұғымдар "дұрыс" деп білетін межеге жеткен күннің өзінде "дұрыс" ата-аналар "дұрыс" балаларды қалай тәрбиелейді екен? Біздегі тәрбие оқыту, балаға бағыт-бағдар беру, оның бойындағы өзгеден ерекше қасиетін көре білу, мақсатына, таңдауына қарай икемдеу ме? Әлде өзіміз қалаған, өзіміз бола алмаған адамды жасап шығару ма? Қойшы, әйтеуір! Өзіміз бала болсақ та, бүгінгі күн баланы ұғына алып жүрміз, дұрыс тәрбие беріп жүрміз, оған не қажет, неге мұқтаж екенін біліп жүрміз... Жүрміз... Біз не істеп жүрміз?

Инклюзивті оқыту жайлы сөз болғанда ұстазымыз мына бір "Звездочки на земле" фильмін көрсетіп еді. Қарап отырып тамағыма тас түйіліп қалғандай болды. Жақсы ұстаз болсам, шәкіртімнің отын жаға білсем деген ойды қуамын деп, алдымдағы баланы емес, алыстағы қиялды бағып жүрген екенмін-ау!

Мейрамгүл ҚашқымбекМейрамгүл Қашқымбек
10 жыл бұрын 4437
2 пікір
  • Дәл айттыңыз,Мейрамгүл! Құндылығымызды бағалай алмай,арзанның жетегіне өзіміздің де ілескенімізді байқамай қалатын қазіргі білім жүйесіне маңызы зор ой салатын осы фильм, бәрімізді де сілікіп алды.
    Ұстаз бен шәкірт,ата-ана мен бала арасындағы түсіністіктің қиюы кеткенде үлкендер аса сабырлылық танытып қателеспеуіміз керектігі,соңғы нәтижені байыппен күтуді ескертетін,әсіресе үлкендерге қатты ЕСКЕРТУ беретін тамаша фильм!
    Ойланайық, ой салайық, қателессек кешіріммен қарап,бірлесе түзейік! Бірлесе ТҮЗЕЛЕЙІК!
    10 жыл бұрын
  • Фильмді көруге уақыт тапшы болып тұр. Бірақ міндетті түрде көремін.
    10 жыл бұрын
Блог туралы